National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қырымбек Көшербаев Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссияның шешімімен «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша магистратура мен докторантураға оқуға баратын, сондай-ақ  әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамаға жіберілетін 123 үміткер анықталды.

Бұған дейін 2020 жылғы конкурстық іріктеудің екі легінің нәтижесінде Комиссия шешімімен 163 стипендия тағайындалған болатын. 

Анықтама үшін: Қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 621 стипендиат білім алып жатыр, атап айтқанда, 524 стипендиат 19 елде, 97-сі Қазақстан аумағында қашықтан оқиды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 07 маусым

Мемлекет басшысы «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті

2023 жылғы 10 маусым

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2023 жылғы 10 маусым

С.Д. Шәріпхановты тағайындау туралы