Жаңалықтар

4 сәуір 2014
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы» Жарлық

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына сәйкес мыналар:

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;

Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Әсет Өрентайұлы  Исекешев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –  Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі;

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы  министрі;

Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

Берік Мәжитұлы Имашев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Салидат Зекенқызы Қайырбекова – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі;

Нұрлан  Жамбылұлы  Қаппаров – Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі;

Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин – Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі;

Болат Бидахметұлы Жәмішев – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі;

Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Владимир Карпович Божко – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Ерболат Асқарбекұлы Досаев – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;

Жанар Сейдахметқызы Айтжанова – Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі;

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев – Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі болып тағайындалсын.

 

Қазақстан Республикасының

              Президенті                                                                                                                            Н.Назарбаев

 

 

Астана, Ақорда, 2014 жылғы  4  сәуір

  №  787


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар