Жаңалықтар

23 қыркүйек 2015
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова Санкт-Петербургте тұратын отандастарымызбен кездесті

 

Мемлекеттік хатшы бастаған Қазақстан делегациясы Еуразиялық әйелдер форумына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына келді.  Делегация құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен Ұлттық банк басшылары, Ұлттық комиссия мүшелері бар.

Форумға әлемнің 77 елінен 700-ден астам делегат қатысады. Осындай салиқалы форум ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық ассамблея кеңесінің шешімімен ұйымдастырылып отыр.   

Форумның жалпы отырысында Мемлекеттік хатшы «Қазақстан Республикасының әлеуметтік және гендерлік саясаты:  нақты қадамдар мен перспективалар» тақырыбында баяндама жасайды деп жоспарланған.

Бүгін Мемлекеттік хатшы Санкт-Петербургте тұратын отандастарымызбен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы кездесуге қатысушыларға Қазақстанды әлемдегі барынша дамыған 30 елдің қатарына қосу жөніндегі басты мақсатқа жету үшін Қазақстан Президенті ұсынған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының, Бес институционалдық реформаның және Ұлт жоспары – «100 нақты қадамның» маңыздылығына назар аударды.

 Сол күні Қазақстан делегациясының басшысы  Г.Әбдіқалықова ТМД-ға мүше елдердің Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің төрайымы В.Матвиенконың шақыруымен Мария театрында болды, оның сахнасында Ресей опера және балет жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтті.

 

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар