Жаңалықтар

28 қараша 2013
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы М.Тәжиннің төрағалығымен өткен Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының төртінші отырысы

 

Ақордада өткен отырыста алғашқы басқосу өткізілгеннен бергі алты ай ішінде атқарылған жұмыстар қорытындысы шығарылды.

Отырысқа қатысушылар ұлттық тарихты зерделеу жөнінде одан әрі атқарылар жұмыстар перспективаларын талқылады.

Жұмыс тобының мүшелері оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеушілік сипатттағы проблемаларға талдау жасау аясында еліміздің жетекші ұлттық жоғары оқу орындары – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тәжірибелерімен танысты.

Сондай-ақ, мұражай-мұрағат ісін дамытудың өзекті мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысында уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар, республиканың оқу және ғылыми-зерттеу мекемелері үшін бірқатар ұсынымдар әзірленді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар