Жаңалықтар

18 сәуір 2013
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз серіктестерімен дәстүрлі кездесу өткізді

Кездесуге Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинада бірге оқыған курстастары мен Қарағанды металлургия комбинатында бірге еңбек еткен әріптестері қатысты.

Кездесуге Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинада бірге оқыған курстастары мен Қарағанды металлургия комбинатында бірге еңбек еткен әріптестері – Т.Сүлейменов, Қ.Сарекенов, С.Ибрагимов, Қ.Байбек, С.Есенбаев, Қ.Омашев, А.Абдраманов, А.Салимов, М.Қыстаубаев, А.Каримов, А.Ермаханбетов, И.Оразбай қатысты.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті кездесуге қатысушылардың әрқайсысы бүгінде тұлға ретінде қалыптасқанын және Қазақстан Магниткасы олардың көпшілігін белгілі металлург, маман, басшы жалпы, кәсіпқой етіп шыңдағанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев металлург нағыз ер адамның кәсібі екеніне тоқталды. Тек рухы күшті және жауапкершілігі мол адамдар ғана мұндай жұмысқа төзімді болады. Сондықтан қазақстандық жастардың өскелең буыны еңбек, жұмыс, ұжым сияқты қарапайым, маңызды құндылықтарды терең түсінуге тиіс.

Мемлекет басшысы мұндай кездесулер жастар үшін өзіндік өнеге екенін атап өтті. Ол өзінің барлық серіктесінің, еңбек ардагерлерінің жеке бастарының үлгісі арқылы тәрбиелеуі керектігіне тоқталды. Тек еңбек қана жастардың алға қадам басып, барлық кедергіні еңсерулеріне мүмкіндік береді. Адам неғұрлым табанды және өнімді еңбек ететін болса, соғұрлым оның өмірі табысты болады. Тәуелсіздік ұрпақтары саналатын Қазақстан жастары осындай қағидатты ұстануға тиіс.

Кездесуге қатысушылар өз өмірлеріндегі кезеңдер туралы әсерлерімен бөлісіп, еліміздің тәуелсіз дамуына қатысты пікір алмасты.   

      


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар