Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

30 маусым 2014
Елбасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады

Е.Ыдырысов Мемлекет басшысына сыртқы саясат ведомствосының 2014 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмысының негізгі қорытындылары туралы баяндап, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жұмыстары туралы айтты.

 

Е.Ыдырысов Мемлекет басшысына сыртқы саясат ведомствосының 2014 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмысының негізгі қорытындылары туралы баяндап, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жұмыстары туралы айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан дипломаттарын келе жатқан кәсіби мерекелері – Дипломатиялық қызмет күнімен құттықтап, олардың мемлекет мүддесін ілгерілетуде, азаматтарымызды қорғауда және шет елдермен байланыстар орнатуда маңызды жұмыс атқаратынын атап өтті. Қазақстан Президенті сыртқы саяси қызмет бағдарламасын тиімді жүзеге асыруды екінші жартыжылдықта жалғастыру керектігіне де тоқталды.

Сыртқы істер министрі Қазақстан Президентіне Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуін қамтамасыз ету жұмыстары туралы әңгімеледі.

Сонымен қатар, Е.Ыдырысов БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесінің орнына ұсынылатын Қазақстанның кандидатурасын ілгерілету жұмыстары, сондай-ақ өзге де сыртқы саяси басымдылықтарды жүзеге асыру туралы баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы министрлік жұмысының негізгі бағыттарына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар