Жаңалықтар

3 наурыз 2014
Финляндия Парламентінің төрағасы Ээро Хейнялуомамен кездесу

Кездесуде екіжақты ынтымақтастық перспективалары, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

 

Кездесуде екіжақты ынтымақтастық перспективалары, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Парламенті төрағасының алғашқы сапарына ілтипатын білдіре келіп, бұл елмен Қазақстан экономикалық және саяси ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

– Қазіргі уақытта өзара тиімді ынтымақтастығымызды одан әрі дамыту үшін екі ел парламенттері қарауға тиіс бірқатар келісімдер бар. Финляндияның соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктері тәнті етеді және біз білім беру, жаңа технологияны дамыту мен енгізу саласындағы сіздердің тәжірибелеріңізді қабылдауға дайынбыз. Біздің индустриялық-инновациялық бағдарламамыз бірқатар фин компанияларының Қазақстанда жұмыс істеуіне мүмкіндіктер береді, – деді Мемлекет басшысы.

Э.Хейнялуома екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде екенін атап өтті және Финляндия Президенті С.Ниинистёнің сәлемін жеткізді.

Сондай-ақ, Финляндия Парламентінің төрағасы бизнес саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетіне тоқталды.

– Көптеген фин компаниялары энергия үнемдеуші және энергия жағынан тиімді «таза» технологиялармен, сондай-ақ «жасыл» табиғи ресурстар өндірумен айналысады, ол жағдайда табиғат бүлінбеген күйінде сақталады, – деді Э.Хейнялуома.

Ол «Finnair» Финляндия ұлттық авиатасымалдаушысы Астана мен Хельсинки арасында тікелей рейстерді жүзеге асыруға дайын екенін хабарлады.

Бұған қоса, Финляндия Парламенті төрағасы өз елінің Қазақстан Президентінің бастамасы болып табылатын «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы туралы хартияға қосылатыны жөніндегі шешімі туралы айтты.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар