Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

23 сәуір 2013
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы кеңесінің төрағасы Анатолий Рубиновты қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев екі ел өкілдерінің әр сапары мен кездесулері мемлекетті жақындата түсетінін, яғни елдер арасы қазірдің өзінде барлық қарым-қатынастар бойынша жақын болып табылатынын атап өтті.

 

         

Нұрсұлтан Назарбаев екі ел өкілдерінің әр сапары мен кездесуі мемлекеттерді жақындастыра түсетінін, елдер арасы қазірдің өзінде барлық жағынан жақын екенін атап өтті.

- Қазақстан мен Беларусь ішкі және сыртқы саясатты дамытуда көп мәселе бойынша өте ұқсас ұстанымда. Біз экономикалық және саяси салаларда белсенді өзара ықпалдастықтамыз, атап айтқанда, ТМД, ҰҚШҰ, соңғы уақытта – Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Кеден одағы аясында ынтымақтасамыз. Биылғы мамыр айының соңында экономикалық интеграцияның одан арғы мәселелерін талқылау үшін үш мемлекет басшыларының бірлескен кездесуі жоспарланған, - деді Мемлекет басшысы.

А.Рубинов кездесудің өтуіне мүмкіндік жасағаны үшін алғысын білдірді және еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістер айтарлықтай жедел жүріп жатқанына тоқталды.

- Бұл ретте біздердің парламенттеріміз маңызды рөл атқарып отыр. Біз түрлі форматтарда байланысамыз және заңнамалық база мен біздің іс-әрекеттеріміз үнемі келісім тауып отырады. Біз бұл процесті мейлінше жандандырып, оны жеделдету және тиімділігін одан әрі арттыру ниетіндеміз. Менің сапарым парламентаралық өзара ықпалдастықтың арта түсуіне мүмкіндік туғызады деп ойлаймын, - деді А.Рубинов.                 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар