Жаңалықтар

25 шілде 2013
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбековті қабылдады

 

Р.Түсіпбеков бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша қаржы полициясы органдарының жедел-қызмет жұмысының нәтижесі және ел назарындағы бірқатар істердің тергелу барысы  туралы баяндады.

Агенттік төрағасы сыбайлас құқық бұзушылықты ашу 8 пайызға артқаны туралы да хабардар етті. 2013 жылдың алты айында мұндай қылмыстың   1192 фактісі анықталды.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы Агенттік алдына бірқатар міндеттер қойып, қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар