Жаңалықтар

26 қараша 2013
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековті қабылдады

Кездесуге Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қайрат Қожамжаров пен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Сәкен Жасұзақов қатысты.

Қорғаныс министрі Мемлекет басшысын Қазақстан армиясының әскери дайындығын арттыру, техникалық жарақтандырылуын жақсарту жөнінде қабылданған шаралар туралы хабардар етті. 

Сонымен қатар Қарулы Күштерді одан ары реформалау жолдары қарастырылды. Мобилизациялық резервтерді жасақтау және қысқа мерзімді әскери қызметтің сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.  

Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар