Жаңалықтар

14 қараша 2013
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады

 

М. Құл-Мұхаммед мәдениет саласын және ақпараттық кеңістікті жаңғырту, сондай-ақ Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы мемлекеттік телеарналарды оңтайландыру және мазмұндық сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Министр ақпараттық саясаттағы тиісті жұмыстардың жүргізілуі туралы мәлімдеді. Атап айтқанда, мүлікке түгендеу жүргізу нәтижесінде ешқандай қызмет жүргізбеген бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік тіркеуден алынып тасталды. Бүгінде елімізде нақты жұмыс істейтін 2105 БАҚ тіркелді. Олардың қатарында 1360 газет, 511 журнал, 49 радиостанса, 71 телекомпания бар.

Бұдан бөлек, кездесу барысында «Астана Опера» театры қызметі мәселелері, Ұлттық мұражай құрылысы мен оның коллекциясын қалыптастыру, ірі халықаралық іс-шараларды, Мәдениет күндерін өткізу барысы,  сондай-ақ ономастикалық комиссиялар жұмысын жетілдіру жайы талқыланды. 

Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.    


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар