Жаңалықтар

6 мамыр 2016
Елбасы көрнекті композитор, жазушы, зерттеуші Ілия Жақановтың 80 жасқа толуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

 

Қазақстан Президенті қазақ өнері мен әдебиетінің дамуына І.Жақановтың үлкен үлес қосқанын атап өтті.

«Ел арасына кең тараған «Әселім-әнім», «Жайлаукөл кештері», «Еділ мен Жайық» және басқа танымал әндеріңіз арқылы бірнеше буынның құрметіне бөлендіңіз. Қаламыңыздан туған әдеби туындылар өнердегі қайталанбас тұлғалардың бейнесін сомдап, оларды жас ұрпаққа үлгі етуімен ерекшеленеді. Сіздің айрықша жетістіктеріңіз жоғары марапаттармен атап өтілді», – делінген жеделхатта.

Соңында Мемлекет басшысы І.Жақановқа шығармашылық табыс және зор денсаулық, отбасына бақ-береке тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар