Жаңалықтар

20 сәуір 2016
Елбасы мемлекет және қоғам қайраткері Сағидолла Құбашевтің қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

 

Мемлекет басшысы қайғыға ортақтасып, көңіл айтты. Нұрсұлтан Назарбаев С.Құбашевтің ұзақ жыл түрлі мемлекеттік органдарда қызмет істеп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқанына тоқталып өтті. Атап айтқанда, ол бірнеше облыстық атқару комитеттерінің төрағасы, Гурьев және Семей облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшысы, Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы қызметтерін атқарып, басқару жұмыстарында шыңдалды.

«Ол Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, жас буынды тәрбиелеуге көп еңбек сіңірді. Сағидолла Құбашевтің жемісті қызметі жоғары марапаттармен атап өтілді», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев С.Құбашевтің жарқын бейнесі әрдайым қазақстандықтардың жүрегінде сақталатынын айтты. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар