Жаңалықтар

13 қаңтар 2016
Мемлекет басшысы Германия Федералдық канцлері Ангела Меркельге Түркия Республикасының Стамбул қаласында болған террорлық акт салдарынан неміс азаматтарының қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

 

Жеделхатта қайғылы оқиға туралы хабарды Елбасының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

«Қазақстан жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіретін терроризм мен экстремизмнің кез келген түрін айыптайды және бүкіл халықаралық қоғамдастықтың оған қарсы күресін қолдайды», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан А.Меркельге, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Германия халқына шын ниетпен көңіл айтты. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар