Жаңалықтар

26 шілде 2013
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Испания Королі Хуан Карлос I-ге Галисия провинциясында болған теміржол апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

 

Қазақстан Президенті көп адамның қазасына әкеп соқтырған Сантьяго-де-Компостела қаласы маңында болған теміржол апаты туралы жайсыз хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын, сондай-ақ жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан қайғырып көңіл айтатынын жеткізген.

«Осы қиын сәтте, қымбатты досым, қаза тапқан және зардап шеккен жандардың туған-туыстары мен жақындарына менің көңіл айтуымды және қолдауымды жеткізуді сұраймын», – делінген жеделхатта.


 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар