Жаңалықтар

26 шілде 2013
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы түлектерінен ұжымдық хат келді

 

Өз хатында ММУ филиалының дипломын алған түлектер Қазақстан Президентіне ризашылықтарын білдіріп, әлемдегі үздік университеттердің бірінде білім алуға мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтады.

«Сіздің бастамаңызбен Астанада ММУ-дің Қазақстандағы филиалы ашылуының арқасында біз терең білім алғанымыз үшін Сізге ризамыз. Бұл біздің алдымыздан еліміздің игілігі үшін қызметте өз қабілетімізді жүзеге асыру үшін, сол арқылы ел өмірі мен дамуында лайықты орнымызды табуға мол мүмкіндіктер ашады», – делінген хатта.

Хат иелері Мемлекет басшысының қызметі ел игілігіне, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы достықты нығайтуға бағытталғанын атап өткен.

«Біздің оқу орнын бітіріп шығуымыз – Сіздің бұдан 20 жылдай бұрын Мәскеу университетінде жария еткен Еуразия қағидаттарын іске асырудың тағы бір мысалы», – деп атап өтеді түлектер.

Хатта 2013 жылы оқу бітірудің айрықша екеніне, өйткені елорданың 15 жылдығын мерекелеумен тұспа-тұс келгеніне де тоқталған. ММУ-дің Қазақстандағы филиалының құрылуы мен қалыптасуы – Астана тарихының ажырамас бөлігі.

Соңында хат иелері Қазақстан Президентінің сенімін ақтауға және еліміздің өсіп-өркендеуіне лайықты үлестерін қосуға ұмтылатындары туралы мәлімдейді.           


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар