Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

23 мамыр 2014
Мемлекет басшысы Үрімші қаласында болған террорлық оқиғаға байланысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

 

Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаевтың Үрімші қаласында 22 мамырда болған террорлық оқиға салдарынан көптеген кінәсіз жандар құрбан болғаны және зардап шеккені туралы қайғылы хабарды күйзеле қабылдағаны айтылады. 

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге, сонымен қатар қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді.

«Қазақстан елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте Қытаймен тығыз ынтымақтастыққа әрқашан дайын екендігін атап айтқым келеді», – делінген жеделхатта.

 

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар