Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

5 маусым 2014
Нұрсұлтан Назарбаев Абдель Фаттах Ас-Сисиге Египет Араб Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

 

Мемлекет басшысы Египетте Абдель Фаттах Ас-Сисидің басшылығымен саяси тұрақтылық орнап, орнықты әлеуметтік-экономикалық дамудың қамтамасыз етілетініне сенім білдірген.  

«Қазақстанның Египет Араб Республикасын ислам әлеміндегі маңызды серіктесінің бірі ретінде қарастыратынын және елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыруға, көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды күшейтуге мүдделі екенін айтқым келеді», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Абдель Фаттах Ас-Сисиге мықты денсаулық, елді дамытуға бағытталған жауапты қызметіне зор табыс, ал бауырлас Египет халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар