Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

30 желтоқсан 2013
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Волгоград қаласындағы террорлық әрекеттерге байланысты көңіл айту жеделхаты

 

Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаевтың террорлық әрекеттер салдарынан көп адамның өліміне әкеліп соқтырған қайғылы жағдай туралы хабарды күйзеле қабылдағаны атап өтілген.

Қазақстан Президенті қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына, туған-туыстарына қайғыларына ортақтығын білдірген қолдау сөзін және барша Ресей Федерациясы халқына көңіл айтуын жеткізуді сұраған.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы терроризмнің кез келген түрі мен көрінісін батыл айыптап, барша әлемдік қоғамдастықты бұл зұлматпен күресу үшін ынтымақтастық аясын кеңейтуге шақыратынын атап өткен. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар