Жаңалықтар

12 маусым 2014
Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аясында Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесті
Ақмола облысы, Бурабай кенті

Кездесу барысында банктің Қазақстандағы қызметі, соның ішінде еліміздегі түрлі жобаларды жүзеге асыруға қатысу мәселелері талқыланды.

 

Кездесу барысында банктің Қазақстандағы қызметі, соның ішінде еліміздегі түрлі жобаларды жүзеге асыруға қатысу мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен ЕҚДБ арасында серіктестік туралы негіздемелік уағдаластық жасалғанын, ол біздің ел мен аталған қаржы ұйымының ынтымақтастығын кеңейтуге зор мүмкіндіктер тудыратынын атап өтті.

- Қазақстан экономиканы дамытуға 1 триллион 600 миллиард теңге бөледі, осынша сомадағы инвестициялар өзге көздерден де тартылатын болады. Мен Банктің Қазақстанмен жемісті жұмыс істегенін білемін. Біздің өзара ынтымақтастығымыз жалғасады деп үміттенемін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ЕҚДБ Орталық Еуропадан Орталық Азияға дейінгі 34 елде, сондай-ақ Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі мемлекеттерінде жобаларды қаржыландырады.


 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар