Жаңалықтар

23 мамыр 2013
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев VI Астана экономикалық форумы аясында Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесу өткізді

Кездесу кезінде халықаралық қаржы-экономика жүйесінің жай-күйі, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік экономиканы орнықты дамыту траекториясына өту жөніндегі сындарлы шешім әзірлеуге бағытталған бастамалары талқыланды.

Кездесуге экономика бойынша 1994 жылғы лауреат Д.Нэш, 1996 жылғы лауреат Д.Мирлис, 1999 жылғы лауреат Р.Манделл, 2004 жылғы лауреаттар Э.Прескотт және Ф.Кидланд, 2005 жылғы лауреат Р.Ауманн, 2010 жылғы лауреат К.Писсаридес, физика бойынша 2006 жылғы лауреат Д.Смут, физиология мен медицина бойынша 1991 жылғы лауреат Э.Неер қатысты.

Кездесу кезінде халықаралық қаржы-экономика жүйесінің жай-күйі, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік экономиканы орнықты дамыту траекториясына өту жөніндегі сындарлы шешім әзірлеуге бағытталған бастамалары талқыланды.

Кездесуге қатысушылар VI Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік конференцияның күн тәртібінің өзектілігін атап өтті.

Мемлекет басшысы бұл іс-шара сарапшылардың әлемдегі қазіргі заманғы экономикалық ахуалды дамыту перспективасы жөніндегі өз көзқарастарын бөлісуге мүмкіндік туғызатынын атап көрсетті. 

Өз кезегінде Нобель сыйлығының әр жылдардағы лауреаттары Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесу үшін алғыс айтып, Астана экономикалық форумының жұмысы жемісті болатынына сенім білдірді, сондай-ақ форумның жаһандық ауқымдағы дағдарысқа қарсы тиімді шешімдерді іздестірудегі құндылығына тоқталды.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге іс-шараларға қатысу
Өзге іс-шараларға қатысу