Жаңалықтар

30 сәуір 2013
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев салынып жатқан Қазақстан тарихы мұражайында болды

Нұрсұлтан Назарбаев құрылыс жұмыстары барысымен және мұражай ғимаратын пайдалануға беру жөніндегі жоспармен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев құрылыс жұмыстары барысымен және мұражай ғимаратын пайдалануға беру жөніндегі жоспармен танысты.

Мұражайдың экспозициясы мен көрмесі Қазақстанның ежелгі заманнан қазіргі күнге дейінгі тарихы мен мәдениетін көрсетуге арналған. Көлемі 14 мың шаршы метрді құрайтын экспозиция алаңы Тарих мұражайы, Алтын және қымбат металдар мұражайы, Өнер мұражайы экспозицияларын орналастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, экспозицияның едәуір бөлігі ұлт мәдениеті мен жазуының көп ғасырлық тарихына, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстан тарихына арналатын болады.

Сондай-ақ, мұражай кездесулер, форумдар және білім беру бағдарламалары өтетін орын болып саналады. Бұл үшін ғимаратта уақытша көрмелер ұйымдастыруға, тарихты ғылыми-зерттеу институтын орналастыруға арналған бөлмелер, қалпына келтіру шеберханасы, зертхана, қор сақтау бөлмесі, оқу залы бар кітапхана, кинодәріс залы қарастырылған.

Қазақстан тарихы мұражайы ұлттық жаңғырудың және мәдени ілгерілеудің рухани орталығына айналатын болады. 

 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа нысандарда болу
Өзге іс-шараларға қатысу