Жаңалықтар

2 шілде 2014
Елбасы Назарбаев орталығының жаңа ғимаратында болды

Мемлекет басшысы жаңа ғимаратты аралап көрді, сондай-ақ «Назарбаев орталығы» көпфункциялы ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің базасында құрылған Тұңғыш Президент кітапханасының жұмысымен танысты.

Кітапхана қоры 20 мың еңбекті қамтиды. Мекеме Президентке сыйға тартылған экспонаттарды жинақтаумен де айналысады. Қазіргі күні мемлекет басшыларының және олардың ресми өкілдерінің сыйлықтарын, өнер туындылары мен тарихи жәдігерліктерді қосқанда, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке коллекциясынан алынған 500 экспонат бар.

Ғимаратта көшпелілер мен дала төсіндегі қалалардың сан ғасырлық тарихында қалыптасқан қазақ халқының философиясын танытатын «Мәңгілік ел» галереясы орналасқан.

Мемлекет басшыларының мұндай орталықтары, кітапханалары мен қорлары әлемдік тәжірибеде, атап айтқанда, АҚШ-та, Францияда, Түркияда және басқа елдерде бар. Олардың басты міндеті ел басшыларының жеке мұрағатын жинақтау және жүйелеу болып саналады. 

Барлық жаңалықтар
 
Басқа нысандарда болу
Өзге іс-шараларға қатысу