Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

20 мамыр 2014
Қазақстан Президенті «Цинхуа» корпорациясы басқармасының төрағасы Хо Цинхуамен кездесті

Кездесуде корпорацияның қазақстандық серіктестерімен ынтымақтастықты нығайтудың негізгі бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, көмірді кешенді өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері қозғалды.

Бұдан бөлек, кездесу барысында өзара іс-қимыл перспективалары мен инвестициялық ахуалдың жағдайы қарастырылды. Мемлекет басшысы Қазақстанда бизнес жүргізу үшін заңнама және келісімшарттар тұрақтылығы сияқты жайттарды қамтитын қолайлы жағдайлардың жасалғанын атап өтті. Сондай-ақ, елде индустриялық бағдарламаны жүзеге асыру аясында өндірістік секторға қолдау көрсетіледі. 

«Цинхуа» корпорациясы ҚХР-дың көмір өндіру, байыту, кокстеу және көмір химиясы жөніндегі ірі жекеменшік кәсіпорны болып саналады. 20 мыңнан астам адам жұмыс істейтін корпорацияның өндіріс орындары Қытайдың бірнеше өңірінде орналасқан.

Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар