Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

14 маусым 2016
Елбасы Үндістан Республикасының Премьер-министрі Нарендра Модимен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық маңызды мәселелерді талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық күн тәртібі жөніндегі тараптар ұстанымының ортақтығы мен саяси қарама-қайшылықтың болмауы екіжақты диалогты ұдайы дамытуға қолайлы жағдай қалыптастыратынын атап өтті.

Н.Моди Астанамен арадағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту Үндістанның Орталық Азиядағы сыртқы саясатының басымдығы бар бағыты екенін мәлімдеді.

Тараптар екі мемлекетте де бірін-бірі толықтыратын ынтымақтастықтың әлеуеті жеткілікті екенін құптай келіп, жан-жақты экономикалық кооперацияны дамытуға бар күш-жігерді жұмсауға әзір екенін білдірді.

Телефонмен әңгімелесуге Үндістан тарапы бастамашылық етті.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары