Жаңалықтар

13 желтоқсан 2013
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесу

 

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және желтоқсанның аяғында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес аясында Мәскеуде өтетін алдағы жоғары деңгейдегі кездесудің жайын талқылады. 

Бұған қоса, мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды, «Байқоңыр» ғарыш айлағын бірлесіп пайдалануды қоса қамтитын келісімдерінің табысты және толық орындалғанын, сондай-ақ екі елдің әскери-техникалық ынтымақтастығының жүйелі дамып келе жатқанын  атап өтті.

Соңында Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Президентін Ресей Федерациясы Федеральдық Жиналысында жыл сайынғы Жолдауын табысты жариялауымен құттықтады.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары