National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Чехия Премьер-министрі Петр Фиаланы қабылдады

2023 жылғы 24 сәуір

Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Чех Республикасының Премьер-министрі Петр Фиаланы қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Фиаланың елімізге жасаған алғашқы ресми сапары екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

– Сіз елімізге үлкен бизнес-делегация алып  келдіңіз. Екі ел арасындағы іскерлік байланыстар мен ынтымақтастықты ілгерілетуге пайдасы өте зор бизнес форум өтеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Чехия Президенті лауазымына сайланған Петр Павелге құттықтауын жолдады.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде көлік-логистика саласын нығайту перспективаларына баса мән берілді. Президент чех инвесторларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

– Чех Республикасынан энергетика, машина жасау, көлік, ауыл шаруашылығы, қаржы, медицина өнеркәсібі және фармацевтика секілді экономиканың түрлі салаларына құйылатын инвестицияны құптаймыз. Сондай-ақ елдеріміздің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын ашамыз деп сенеміз, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Петр Фиала  Чехияның елімізбен арадағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін растады.

– Чех Республикасы Қазақстанмен бұрыннан достық қарым-қатынас орнатқан және оны жалғастырамыз деп сенеміз. Осы кездесуіміз белсенді байланыстарға тың серпін береді деп үміттенемін. Қазақстан – біз үшін  өте маңызды серіктес. Қазақстан мен Чех Республикасының ынтымақтастығы Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынастардың аса маңызды тірегінің бірі саналады, – деді Чехия Премьер-министрі.

Сонымен қатар кездесуде халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 05 желтоқсан

Мемлекет басшысы «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускасты қабылдады

2023 жылғы 07 желтоқсан

Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускасты қабылдады

Жарлық

2023 жылғы 05 желтоқсан

Ел экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің