Бөлімдер санаты

Нормативтiк құқықтық актiлер

Жарлықтар
18 шілде 2019
Қазақстан Республикасының Белград қаласындағы (Сербия Республикасы) дипломатиялық миссиясын қайта құру туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Белград қаласындағы (Сербия Республикасы) дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігі ретінде қайта құрылсын. 

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

               Президенті                                                                                Қ.Тоқаев

 

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 18 шілде

       

                                      № 65

 


Барлық нормативтік құқықтық актілер
 
Другие указы
Все указы