National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Құқықтық актiлер


Жарлықтар

Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы

2022 жылғы 26 қараша

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабына сәйкес, елден заңсыз шығарылған активтерді Қазақстан Республикасына қайтару, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған активтерді (бұдан әрі – заңсыз шығарылған активтер) анықтау және оларды мемлекетке қайтару мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен), Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігімен, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, 2023 жылғы 31 наурызға дейін:

1) заңмен реттелетін құқық қатынастарының субъектілерін анықтауға;

2) заңсыз шығарылған активтердің шығу тегін ашу, растау және оларды қайтару тетіктерін регламенттеуге;

3) заңсыз шығарылған активтерді қайтару рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге;

4) заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке өз еркімен беруді ынталандыруға;

5) активтерді заңсыз шығаруға ықпал еткен себептер мен шарттарды жоюға бағытталған жүйелі шараларды қабылдауға;

6) өкілеттіктерін айқындай отырып, заңсыз шығарылған активтерді қайтару мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органды құруға;

7) келіп түсетін заңсыз шығарылған активтерді жинақтайтын және оларды Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыру үшін басқаратын арнаулы мемлекеттік қорды құруға бағытталған Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін.

2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымында заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жеке бөлімше құру жөнінде ұсыныс енгізсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, заңсыз шығарылған активтерді анықтау және мемлекетке қайтару үшін шет елдермен және халықаралық ұйымдармен, оның ішінде халықаралық құқықтық көмек шеңберіндегі тиімді өзара іс-қимылды жүйелі негізде қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға маманданатын бөлімшелерді айқындасын.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар осы Жарлықты іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.

6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

                 Президенті                                                     Қ.Тоқаев

 

Астана, Ақорда, 2022 жылғы 26 қараша

                           № 3           


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 06 ақпан

Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады

2023 жылғы 08 ақпан

Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады

Жарлық

2023 жылғы 03 ақпан

Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің