National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобы Президент Жолдауын іске асыруға кірісті

Құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының отырысы барысында Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру механизмі талқыланды.

Жиынға Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, Ішкі істер министрлігінің басшылары, қоғам өкілдері мен жетекші құқықтанушылар, атап айтқанда, Қайырбек Сүлейменов, Игорь Рогов, Ерғали Мерзадинов, Марат Қоғамов, Исидор Борчашвили, Талғат Нәрікбаев және т.б. қатысты.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы – Жұмыс тобының жетекшісі Әсет Исекешев отырысты аша отырып, құқық қорғау қызметін дәйекті жаңғырту жөніндегі стратегиялық бағытты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

«Басты міндеттердің бірі – адам құқығын қорғау. Бұл ретте, қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу нәтижесінде болған оң өзгерістер атап өтілді, сондай-ақ, құқық қорғау жүйесін орта мерзімді кезеңде реформалаудың бағыттары белгіленді. Сонымен қатар жуық арада шешуді қажет ететін нақты міндеттер жүктелді», – деді Әсет Исекешев.

Атап айтқанда, құқық қорғау органдары есірткінің заңсыз айналымына және алаяқтыққа қарсы күреске, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстардың алдын алуға ерекше назар аударуы қажет.

Отырыс барысында мейлінше сәтті өткен халықаралық тәжірибелерден мысалдар келтірілді. Олар отандық жағдайларда қолданылуы мүмкін.

Қылмыстық заңнаманы өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактідегі Екінші Факультативтік хаттаманың ережелерімен үйлестіру мәселелері жеке қаралды.

Бұдан бөлек, Жұмыс тобы қылмыстық процестің отандық моделін үздік халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін одан әрі атқарылатын жұмыстарды пысықтауда.

Атап айтқанда, айыптау актілерін дайындау сапасын арттыруға бағытталған заңнамалық түзетулер әзірленді. Сондай-ақ, полиция жұмысының сервистік моделін енгізу туралы тапсырманы іске асыру жұмыстары жалғасуда.

Отырысқа қатысушылар құқық қорғау жүйесін реформалау тетіктерін жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар айтты. Құқық қорғау органдарының өкілдері Жолдауда белгіленген бағыттар бойынша қабылданатын шаралар туралы баяндады.

Талқылау қорытындысы бойынша Жұмыс тобының жетекшісі салалық ведомстволарға Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру тәртібін айқындайтын нақты тапсырмалар берді.

Жиын соңында Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы жұртшылық өкілдерін атқарылып жатқан жұмыстарға белсенді атсалысуға шақырды.

Құқық қорғау органдарының Жолдауда қамтылған тапсырмаларды әзірленген тәсілдерге сәйкес орындауын Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты бақылайтын болады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2021 жылғы 07 желтоқсан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның жаңадан сайланған Федералдық Канцлері Олаф Шольцке жеделхат жолдады

2021 жылғы 08 желтоқсан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның жаңадан сайланған Федералдық Канцлері Олаф Шольцке жеделхат жолдады

Жарлық

2021 жылғы 24 қараша

Мемлекет басшысының Жарлығымен Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды